Accessibility links

Пәкістан үкімет күштеріне қарсылық білдіріп отырған Ауғаныстанмен шекара аумағындағы таулы аудандардағы шет елдік жауынгерлерге кезекті рет рақымшылық жариялады


Бірақ, билік жауынгерлер қаруларын қоймаса, оларға күш қолданатындығын білдіртті. Пәкістанның ақпарат міністрі хабарлағандай, рақымшылыққа көнген жауынгерлер басқа елдерге берілмейді. Шенеуніктердің мәліметінше, бұл жауынгерлер қатарында өзбек шешен және арабтар бар. Ақпарат міністрі Рашид Ахмед сәрсенбі күні Пәкістандағы жағдайға және лаңкестікке қарсы күреске орай, Первез Мушарраф президент және қолбасшы қызметін жалғастыратынын хабарлады. Елдің экономикасына қатысты өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдану үшін, ол формада қалғандығы маңызды, - деді Пәкістанның ақпарат міністрі. Мушарраф жылдың соңында армия басшылығынан кетем деген болатын. Пәкістанның саяси оппозициясы президент Первез Мушаррафтың армия бастығы болып қала бергендігіне қарсылық білдіртті.
XS
SM
MD
LG