Accessibility links

Грузия Европа одағы мен халықаралық қауымдастықтың елдің ішінде тұрақталып қалған даулы мәселелердің шешілуіне ықпал етуін қалайды


Грузияның даулы мәселелерді шешу жөніндегі министрі Георгий Хaиндрава Брюсселдегі ЕО-ң штаб-пәтеріне сапарында елдің ішіндегі даулы мәселелер және Ресеймен арадағы қарым-қатынасты реттеуге Европадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы мен Европа одағының араласуы жайын көздеп барған болатын. Журналистер алдында сөйлеген сөзінде ол Ресейдің жақындағы өз территориясынан тыс жердегі террористердің ошағы деп күдіктелген орындарға шабуыл жасаймыз дегені Грузияға қарсы бағытталған деп айтты.

Ол Солтүстік Кавказдың ішіндегі қарым-қатынастардың күрделеніп бара жатқаны Ресей үшін де, Грузия үшін де бірдей қауіпті деп ескерткен.

Грузия Европа одағы мен халықаралық қауымдастықтың елдің ішінде тұрақталып қалған даулы мәселердің шешілуіне ықпал етуін қалайтынын білдірді.

Грузияның даулы мәселелерді шешу жөніндегі мемлекеттік хатшысы Георгий Хaиндрава:

-Біз даулы жағдайларды реттеу ісін интернационализациялау мәселесін қойып отырмыз. Біздің ойымызша европалық бақылаушылардың және қауымдастықтың мұндай іске қатысуы мәселелерді шешуге көмектеседі деп есептейміз. Біз Ресейдің өзінде проблема деген жеткілікті, сондықтан мұндай проблеманың бәрін оның мойнына артып қойған жөн емес деп есептейміз,-деген Хaиндрава.

Грузияның ресмилері Европа одағы мемлекеттерінің арасында Солтүстік Кавказдың даулы жайттарына араласқысы келмейтін ниет кеңірек орын алған дегенді айтады. Европа одағы өткен шілде айында осындай бір қадам жасап Грузияға шектеулі қызмет жіберген болатын.

Ол өткен сейсенбі күні ЕО-ң қауіпсіздік және сыртқы мәселелер жөніндегі жетекшісі Хавьер Соланамен келіссөздерде жан-жақты қозғалды деген. Грузия министрі сондай-ақ Тбилиси Грузиядағы Европа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ролін көтеруге ынталы деген болатын және бұрынғы коммунистік блок елдері де осы мақсатқа тартылғанын қалаймыз деп атап көрсетеді. -Біз бұл ретте Европаның басқа да бөлігі бұған қатысқаны жөн деп білеміз, ең алдымен бұрынғы Совет одағы елдері, мәселен Украина, жане Балтық елдері, сондай-ақ біздің алдымызда тұрған сияқты проблемалары бар бұрынғы социалистік елдер,-деген Хaиндрава, ОБСЕ бақылаушылары қазіргі күні Тбилисидің бақылауында жоқ Грузия-Ресей шекарасына қажет дегенді айтады.

Хaидрава Грузияның орталық үкіметі мен бөлектенген Солтүстік Осетия және Абхазия республикаларымен қарым-қатынас ЕО-ң басшыларымен кездесулерде күн тәртібінен тұрақты түспей келеді дейді.

Грузия бұл проблеманы күш қолдану арқылы шешкісі келмейді, оның салдары жақсылыққа соқпайтынын білеміз деген министр.

Брюсселдегі ресмилер де бұл жөнінде егер Грузия сепаратистерге қарсы күш қолданған жағдайда ол Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бұл елге оң көзқарасына нұқсан келтірген болар еді деп атап өткен.

Ресейдің терроршылардың базаларына ол қай жерде болса да алдын-ала соққы береіміз деп жасаған мәлімдемесіне Тбилиси алаңдаушылық білдірген. Бұл ретте Георгий Хaиндрава Грузия мен Ресейдің қарым-қатынстары жайында айта келіп,былай дейді:

-Біз Ресейдің штаб бастығы, генерал Юрий Балуевскийдің айтқандары Грузияға бағытталған деп айтар едік.

Хaиндрава мұндай меңзеу, күдікке мүлде жол беруге болмайды дейді.

300-ден астам адамның өмірін қиып кеткен Беслан трагедиясы террористердің Ресейдің өз маңайында емін-еркін жүріп-тұратынын көрсетті. Ресей көршілеріне қыр көрсеткенше, өз ішіндегі терроршылармен күрескені абзал деген кеңес береді ол.

Грузия министрі сондай-ақ терроршыларға байланысты ақпарат-деректермен бөлісіп, бірлесе қимылдауға Грузия Ресейді бірнеше мәрте шақырған болатын деп атап көрсетеді. Грузия сондай-ақ Ресеймен бірлесіп Тблисиде террорға қарсы орталық салуға мүдделі.

Осындай күрделі қарым-қатынастарға қарамастан, Ресеймен байланыстар өте маңызды деп Грузия президенті Михаил Саакашвилидің талай рет мәлімдеп келгені де белгілі.

AzattyqTV

АҚШ-ты көру арманы

Ағылшын тілін 72 жаста оқу

XS
SM
MD
LG