Иранның күдікті ядролық бағдарламасын тоқтату мәселесінде Америка Құрама Штаттары Британия, Франция және Германиямен тіл табысты. Төрт мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысы арқылы Иранның уран байыту қызметін тоқтатпақ. Қаулы жобасы бүгін Халықаралық атом энергетика агенттігінің алқасында қаралмақ. Уран байыту арқылы ядролық қаруға жарамды зат өндірілетіні белгілі. Резолюция жобасында Иран өзінің ядролық жобасына қатысты қараша айында кейінге қалтырылған барлық мәселені шешсін деп жазылған. Иран үкіметі АҚШ-тың мәлімдемелерін жоққа шығарып келеді, ядролық қызметіміз тек бейбіт мақсатты көздейді деп айтады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?