Accessibility links

Электронды сайлау Астана мен Алматы және облыс орталықтарында өтеді


Қыркүейктің 19- ы – Парламент Мәжілісіне сайлау күні «Сайлау» ақпараттық автоматтандырылған жүйесі іске қосылады. Бұл жайында Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева мәлімдеді. Сонымен электрондық сайлау жүйесі Астана және Алматы қалалары мен республиканың барлық облыс орталықтарында өтетін болды. Жалпы алғанда Қазақстанның 1056 сайлау учаскесінде сайлаушылар электрондық сайлау жүйесі арқылы дауыс беретін болады. Зағипа Балиеваның айтуынша, бұл республиканың барлық сайлау учаскелерінің он пайыздан сәл астамын құрайды. Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева «Сайлау» ақпараттық автоматтандырылған жүйесі қыркүйктің 15-күні мемлекеттік комиссиядан өтті дейді. Оның айтуынша, мемлекеттік комиссияның төрағасы Үкімет кеңсесінің жетекшісі Алтай Тілеубердин болған. Бұдан бұрын Мемлекеттік комиссияның төрайымы Зағипа Балиева болатын. Ол өзінің айтуынша, қоғамда түрлі пікір қалыптаспауы үшін, бұл жолы электронды дауыс беру жүйесін қабылдар кезде басшылық етуден бас тартқан. Ол сонымен қатар бірде-бір Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мемлекеттік комиссияның құрамына кірмегендігін айтады.

Орталық сайлау комиссиясынығ төрайымы Зағипа Балиева электронды дауыс беретін сайлау учаскелерінде қағаз бюллетеньмен дауыс беруге болатындығын да жариялады. Оның мәлімдеуінше, сайлаушы қалай дауыс бергісі келеді. Ол өзінің еркінде.

Зағипа Балиева сонымен қатар штрих-код ала алмаған сайлаушылар да электронды сайлау жүйесі арқылы дауыс бере алатындығын жеткізді. Және де сайлаушылардың тізіміне енбеген азамат сайлау күні учаскелік сайлау комиссиясына барып, аты-жөнін тіркеп, дауыс бере алатындығын айтты. Сайлау күні Орталық сайлау комиссиясында орталық жұмыс істейтін көрнеді. Сол орталық арқылы электрондық сайлау жүйесін бақылап отыруға болады. Ал бақылаушылар, сайлаушылардың штрих коды мен дауыс беру нәтижесін тексеріп, қарауларына мүмкіндік алады дейді.

Сонымен Парламент Мәжілісіне сайлау қыркүйектің 18-күні таңғы сегізде басталады. Ал электронды сайлау жүйесі арқылы дауыс беретін аймақтарда сайлау нәтижесі 19-қыркүйек күні кешкі сегіз жарымда белгілі болады дейді Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева.
XS
SM
MD
LG