Accessibility links

БҰҰ ядролық аруларды бақылау агенттігі сенбі күні арнайы мәжіліс өткізіп, Ирандағы ядролық бағдарлама жағдайын талқыламақ


Халықаралық атом қуаты агенттігінің өкілі Марк Гвоздецкийдің айтуынша, 35 мүшелі басқармаға шешім құжаты жұма күні кешке қарай келіп түскен. АҚШ тың пікірінше, Иран ядролық қарулар жасап шығаруға әрекеттенуде. Бірақ Ирақ керісін айтады. Халықаралық атом қуаты агенттігінің төрағасы Мохаммед Ел Барадей былай деген. - Қазіргі зерттеулерге қарағанда, Иран агенттіктің өтінішін орындап, өз бағдарламасын тоқтату арқылы ғана сенім құрметіне ие болады. Бұған алдымен Иранның өзі мүдделі болуы керек, деген халықаралық агенттік төрағасы. Дегенмен, Ел Барадейдің айтуынша, агенттік Ирандағы Паршин әскери кешенінде ядролық өндіріске қатысты ешқандай белгі таба алмаған.
XS
SM
MD
LG