Accessibility links

Сербиядағы жергілікті билік өкілдерін сайлауда ең басты бәсекелестік батыстың ықпалындағы реформашылдар мен әсіре ұлтшылдардың арасында өтпекші


Сербияда жергілікті заң шығарушы билік тармақтарына сайлау өтіп жатыр. Онда ең басты бәсекелестік батыстың ықпалындағы реформашылдар мен әсіре ұлтшылдардың арасында өтпекші. Жергілікті билік өкілдерін сайлау Слободан Милошевичтің осыдан 4 жыл бұрын президенттік биліктен аластатылуынан кейін алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сайлаудың алғашқы нәтижелері дүйсенбіде мәлім болады. 6 миллионнан асатын сайлаушы Сербияның 148 муниципалдық жиналысына және елдің солтүстігіндегі Воеводина өлкесінің парламентіне депутат сайлайтын болады.
XS
SM
MD
LG