“Біз келер жылдың қаңтар айында сайлаулардың өткізілуіне барынша ұмтылудамыз. Осы мерзімде істі жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз. Демократияның үстемдік құратындығына біз сенімдіміз. Ол Ирақта шын мәнінде жеңіске жетуде”-, деді Аллауи мырза. Аллау және Британия өкімет басшысы Тони Блейр өз өкіметтерінің бірлесе отырып, бір британдық және екі американдықты кепілдікке алынған жерлерінен босатуға әрекет етіп жатқандығын айтты. Олар бұл мәлімдемелерін Лондондағы пікірлесуден кейін жариялаған болатын. Олар сондай-ақ Ирақтағы көтерілістерді басуға уәде берісті. Сонымен бірге, жексенбі күні Фалужа қаласына АҚШ әскери күштерінің шабуылы барысында кем дегенде төрт ирақтық қаза болған. Бұл қалада АҚШ күштері мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар одан әрі жалғасуда.
Ирақтың өтпелі өкімет басшысы Лиад Аллауи сайлаулардың жоспарланған мерзімінде, яғни келер жылдың қаңтар айында өтетіндігін мәлімдеді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздар байқамаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?
-
Мәдениет алаңы
"Талақ" фильмі: даудың басы – әйел теңдігі
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?