Accessibility links

БҰҰ-ының уранды байыту жұмыстарын дереу тоқтатуды талап етуіне қарамастан, бүгін Иран уранды байыту өндірісін кез-келген уақытта іске қоса алатынын мәлімдеді


БҰҰ-ының уранды байыту жұмыстарын дереу тоқтатуды талап етуіне қарамастан, бүгін Иран уранды байыту өндірісін кез-келген уақытта іске қоса алатынын мәлімдеді. Иранның ақпарат министрі Әли Юнези бүгін: “Теһран байытылған уран өндірісін өз ықтиярымен тоқтатқан болса, оны өз ықтиярымен қайта іске қоса алады”, -деп мәлімдеді. Иран министрінің бұл мәлімдемесі атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің Ираннан уран өндірісін дереу доғарып, қараша айының 25-іне қарай өзінің ядролық бағдарламасы бойынша толық есеп беруін талап еткен Қарарынан 2 күн өткен соң жасалды.
XS
SM
MD
LG