Accessibility links

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйым: жексенбі күні Қазақстанда болып өткен парламент сайлауын демократиялық сайлаудың халықаралық стандарттарына сай емес


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйым жексенбі күні Қазақстанда болып өткен парламент сайлауын демократиялық сайлаудың халықаралық стандарттарына сай емес деп бағалады. Аталмыш ұйымның веб-сайтында дауыс беру барысында айтарлықтай заңсыздықтардың болғаны атап көрсетіледі. Оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының ресми билікке жақын партиялар мен олардың үміткерлерін бір жақты насихаттауы мен сайлаушыларды қорқыту сынды келеңсіз жайттар сайлаудың көрінісін бұзған. Дауыс берудің нәтижелерін бұрмалады деп ресми билікті елдегі жетекші оппозициялық “Қазақстанның демократиялық таңдауы” халықтық партиясының төрағасы Асылбек Қожахметов те айыптады. Сайлаудың бастапқы нәтижесіне сәйкес, президент Н.Назарбаевтың “Отан” партиясы 43 пайыз, оның үлкен қызы Дариғаның “Асары” – 19, оппозициялық “Ақ жол” – 17 пайыздан кем дауыс алды.
XS
SM
MD
LG