Кеше Бағдадтағы сүнни мұсылмандарының діни жетекшісін белгісіз білеулер өлтіріп кетті. Мұсылман ғалымдары Ассоциациясының өкілдері шайх Хазим Әз-Зайдиді кеше кешксін Бағдадтың шетіндегі шийт мұсылмандары тұратын Ас-Садр қалашығында өлтіріп кеткен. Бүгін, сондай-ақ, шийт мұсылмандарының жетекшісі Мұқтада Ас-Садр бастаған қозғалыс Ирақтың Ұлттық ұланының 18 жауынгерін тұтқындап алып кеткен іске тиіп-қашты қатысы жоқтығын мәлімдеуде. Ұлтық ұлан жауынгерлерін тұтқындап алып кеткен топ Ас-Садр қозғалысының мүшесін босатуды талап етіп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаң лагерінде қорлық көрген
Қазақстан азаматтығын ала алмаған Тұрсынай АҚШ-тан саяси баспана сұрады
-
Сайлаудан кейін
Қырғыздың жаңа конституциясы тағы бір толқуға әкеле ме?
AzattyqTV