Ораз Жандосов: “Біз сайлаудың еркін әрі әділ өткізілмейтіндігін алдын ала мойындаған болатынбыз. Сайлау компаниясының ақырғы кезеңі биліктің әу бастан-ақ әділ адал сайлау өткізуге құлқы болмағанына және оған тырыспағанына біздің көзімізді жеткізді”, деді. Оның айтуына қарағанда, Зағипа Балиева бастаған ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелерінің өздері ҚР Сайлау туралы заңының 50 бабының 5-ші тармағын өрескел бұзған. Ораз Жандосов:
-Заңға сәйкес электронды дауыс беру өтетін сайлау округтері мен учаскелерінің тізімі сайлаудан үш күн бұрын БАҚ-та жарияланауға міндетті болатын. Мұндай мәлімет тек 18 қыркүйек күні кешкісін ғана Орталық сайлау комиссиясының веб-сайтында ғана жарияланды. Сондықтан “Ақ жол” партиясы ҚР Жоғарғы соты мен Бас прокуратурасына ОСК төрайымы мен мүшелерін азаматтардың конституциялық құқықтарын өрескел бұзғандығы және өз қызметтеріне салғырт қарағандықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде өтініш жасады. Сондай –ақ ҚР Конституциясы мен Сайлау заңын бұзу фактілері де бойынша ақжолдықтардың Орталық сайлау комиссиясына жолдаған өтініштері жауапсыз қалуда. Осыған байланысты біз ҚР президентінен, Президент әкімшілігінен Орталық сайлау комиссиясы басшылықтарын сайлау кезінде заң бұзушылықтарға жол бергендігі үшін жауапкершілікке тартуды талап етеміз. Егер дауыс берудің ресми қорытындысы азаматтардың шынайы таңдауын көрсетпейтін болса “Ақ жол” партиясы ҚР президенті Н.Назарбаевтың жеке жауапкершілігі туралы мәселе қоямыз.
Осы баспасөз мәслихаты барысында Алтынбек Сәрсенбайұлы өзінің Ақпарат министрлігі қызметінен отставкаға кететіндігі жөнінде мәлімдеді. Алтынбек Сәрсенбайұлы бүгінгі саяси жүйе түбегейлі жолға қойылмайынша кез келген министр өз ойлағанындай саяси реформаның белгілі бір бөлшектерін жүргізе алмайды деді:
-Басты мәселе менің қызметте болғаным немесе болмағаным емес. Мен бұл отставкаға беру арқылы отырған орнымыз бен қолымыздағы билік басты құндылық емес екендігін дәлелдеу. Басты құндылығымыз – азаматтық қоғам үшін атқаратын қызметіміз, шыншылдығымыз.
Ал “Отан” партиясының өкілі Серік Бейсеков болса сайлау процесі ашық әрі әділ өткендігін тілге тиек етті: “Өздері алға шыға алмаған партиялар сайлау әділ өтпеді деп айтуы мүмкін. Ол дұрыс емес”.
Өз кезегінде сөз алған Қазақстанның Деморкатиялық партиясының өкілі: “Біз бұл сайлауда өзімізге жеңуді мақсат тұтқан жоқпыз. Бұл сайлау біздің саяси көзқарасымызды айқындап берді”, деді.