Ирақ астанасында сүнни мұсылмандарының көрнекті 2 қайраткерін белгісіз кісілер өлтіріп кетті. Сүнни имамдарына қарсы Бағдадтың шийт мұсылмандары тұратын аудандарында бір мезгілде қастандық жасалды. Ирақтың Әл-Фаллуджа қаласында бүгін бірнеше дүркін жарылыс болып, кем дегенде 2 адам қаза тауып, 3 кісі жараланды. Ұлттық ұланның 18 жауынгерін тұтқындап алып кенткен экстремистік топ шийт мұсылмандарының әсірешіл көсемі Мұқтада Ас-Садрдың көмекшісін босатуды талап етіп отыр. Өткен аптада ұрлап әкетілген 2 британдық және 1 АҚШ азаматының тағдырлары әлі де белгісіз.
Ирақ астанасында сүнни мұсылмандарының көрнекті 2 қайраткерін белгісіз кісілер өлтіріп кетті
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
AzattyqTV