Accessibility links

Бүгін Қазақстан Оңтүстік Кәрей Республикасымен арада уран сату туралы және мұнай өндірісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды


Бүгін Қазақстан Оңтүстік Кәрей Республикасымен арада уран сату туралы және мұнай өндірісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Бүгін Қазақстан президенті Н.Назарбаев тұңғыш мемлекеттік сапармен Астанаға келген Оңтүстік Кәрей президенті Ро Му Хенмен келіссөз өткізді. Н.Назарбаевтың атап көрсетуінше, Астана барлық энергия қуатының 40 пайызын атом электр стансаларында өндіретін Сеулге жылына 1 мың тонна уран сататын болады. Сондай-ақ, Оңтүстік Кәрей Каспий қайраңындағы мұнай көздерін барлау мен игеруге және мұнай саласының инфрақұрылымын дамытуға атсалысатын болады. Бүгін Оңтүстік Кәрей президенті 4 күндік сапармен Мәскеуге табан тіреді.
XS
SM
MD
LG