“Егемен Қазақстан” басылымының 21 қыркүйек күнгі санының төрт беті тұтасымен сайлау тақырыбына арналыпты. Газеттің жиырма бірінші қыркүйек күнгі санындағы мақалалардың бәрінде де сайлаудың ашық, әрі әділ өткендігі хабарланыпты. Газеттің екінші және үшінші айқарма бетінде “Егемен Қазақстан” басылымының облыстағы тілшілері , аймақтарда сайлаудың қалай өткендігі туралы баяндапты. Газеттің бірінші бетінде жарық көрген Әлисұлтан Құланбайдың мақаласында Астанадағы екінші сайлау учаскесіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келіп, дауыс бергендігі тілге тиек етіліпті.
“Егемен Қазақстан” газетінің хабарлауынша, сайлау науқаны он тоғызыншы қыркүйекте аяқтала қоймайды. Бірқатар бір мандатты округтерде екінші тур өтпекші, оларда неғұрлым көбірек дауыс жинаған екі кандидат сайлауға қайта түсетін болады.
“Комсомольская правда” газетінің “Қазақстан” қосымшасындағы келтірілген мәліметтерге сүйенсек, бұл сайлауға мыңнан астам халықаралық бақылаушылар қатысқан. Еуропадағы Ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымының өзінен екі жүзге жуық бақылаушы келген. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше бұл сайлауда үш партия мен бір саяси блок жеті проценттік кедергіден сүрінбей өткен. Олар – “Отан”, “Асар”, “Ақ жол” және “Аист” саяси блогы.
“Жас алаш” басылымының сейсенбілік санында Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаевтың отставкаға кететіндігін айтып жасаған мәлімдемесі жарық көріпті. Алтынбек Сәрсенбаевтың айтуынша, саяси реформалар бағдарламасы құрғақ мәлімдеме болып шыққан, ал өткен сайлаулар әділ, таза әрі еркін болмаған. Сайлаулар Қазақстан Конституциясы мен заңына қайшы көптеген бұрмалаушылықтармен өткен. “Осының бәрін ескере келіп, сайлау науқанына бастан аяқ араласып, халықтың өз еркін білдіруі мен дауыс беруін көпе-көрнеу бұрмалап қилы әрекеттерге барғаны үшін мен үкіметтің құрамында қала алмайтындығымды және атқарушы биліктің қолжаулығы бола алмайтындығымды мәлімдеймін” делінген Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаевтың мәлімдемесінде.
Сондай-ақ “Жас алаш” газетінің сейсенбілік санында “Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясының да мәлімдемесі жарық көріпті. Бұл мәлімдемеде “Ақ жол” партиясы сайлау заңын бұзу фактілері бойынша, Орталық сайлау комиссиясына, құқық қорғау орындарына жазған хаттамаларының жауапсыз қалғандығын айта келіп, осыған байланысты Қазақстан Республикасының президентінен, президент әкімшілігінен, Орталық сайлау комиссиясының басшылығынан, заң бұзушылыққа жол берген әкімдер мен басқа да лауазым иелерін жауапкершілікке тарту және заңның дұрыс орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруын талап ететіндіктерін баяндапты. “Егер дауыс берудің ресми қорытындысы азаматтардың шынайы таңдауын көрсетпейтін болса, “Ақ жол” партиясы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке жауапкершілігі туралы мәселе қоятынын мәлімдейміз” делінген “Ақ жол” демократиялық партиясының мәлімдемесінде.
Ұзақ уақыт бойы бұқаралық ақпарат құралдарында көрінбей кеткен саясаттанушы Ерлан Қарин “Литер” басылымының сейсенбілік санына сұхбат беріп, сайлауға байланысты өз ойын білдіріп өтіпті. Ерлан Қарин “оппозиция сайлау басталмай тұрып, оған байкот жариялауы тиіс еді” деп пайымдайды. Ерлан Қариннің айтуынша, ендігі жарияланатын наразылықтардың бәрі де тек сайлау кезіндегі қадам ретінде қабылданады. “Сайлауға қатысу арқылы оппозиция өкілдері, оның легитімді түрде өтіп жатыр” деген қорытындының жасалуына жол берді. Сайлаудан кейін жасалатын мәлімдемелердің бәріне де ендігі тұста халық, сенімсіздікпен қарайды” дейді саясаттанушы Ерлан Қарин.
“Экспресс К” басылымының сейсенбілік санында он тоғызыншы қыркүйек күні өткен сайлауға 4 миллион 679 мың 229 сайлаушының қатысқандығы хабарланыпты.
“Айқын” басылымының сейсенбілік санында Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің он тоғызыншы қыркүйектегі мәжіліс сайлауы барысында өрескел заң бұзушылықтарды байқағандығы туралы мәлімдемесі жарияланыпты. “Айқын” газетіндегі келтірілген деректерде, елеулі қателіктер сайлау комиссияларын құру барысында жіберілгендігі мысалға келтірілген.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда және Астана өңірлерінде сайлау заңының өрескел бұзылғандығы байқалған. Бас прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, ерекше заң бұзушылық әрекеттер – сайлау комиссияларының біркелкі бір мекеменің қызметкерлерінің құрылуы, сандық құрамы жетіге толмауы, сондай-ақ комиссия мүшелігіне қабылдануға құқы жоқ адамдардың кіріп кетуі секілді олқылықтардан тұрады екен. Он бесі мен он тоғызыншы қыркүйек аралығында азаматтар мен заңды тұлғалардан әр түрлі мазмұндағы. 754 шағым келіп түсіп, олар тиісті органдармен қаралған.