Accessibility links

АҚШ әскері Моқтада Әл-Садрдың көмекшілерін тұтқындады


АҚШ әскерилері бүгін Наджаф қаласында радикалды шиитердің басшысы Моқтада Әл-Садрдың екі көмекшісін тұтқындады. Шейх Ахмед Әл-Шайбани және Сайед Хосам Әл-Мұсауимен қоса бірнеше қызметкер қамалды, деп айтты Моқтада Әл-Садр кеңсесінің ресми өкілі.

Ал Ирақта кепілдікке түскен тағы бірнеше батыс азаматына қауіп төніп тұр. АҚШ әскері түрмелерден әйелдерді шығармаса американдық азаматты және британиялық азаматты өлтіреміз дейді соғысушылар тобы. Дәл осындай талаптың мерзімі аяқталғанда осы топ бұдан бұрын американдық азаматты өлтірген болатын. АҚШ әскери өкілі Абу Ғрайып және Ұмм Қаср түрмелерінде әйел тұтқындар жоқ дейді. Бақұба қаласында полиция мәшинесі мина басып кетіп, жарылыстан бір ирақтық азамат қаза тапты.
XS
SM
MD
LG