Accessibility links

Қызметкерлері кепілдікке түскен түрік компаниясы Ирақтан кетеді


Ирақта қызмет жасап жатқан түрік құрылыс компаниясы он қызметкері кепілдікке түскен соң бұл елден кетеміз деп мәлімдеді. Бұған ирақтық соғысушылардың талабы мәжбүр қылды. Сонымен қатар кепілдікке түскен тағы бірнеше батыс азаматына қауіп төніп тұр. АҚШ әскері Абу Ғрайып және Ұмм Қаср түрмелерінен әйелдерді шығармаса американдық азаматты және британиялық азаматты өлтіреміз дейді соғысушылар тобы. Дәл осындай талаптың мерзімі аяқталғанда осындай топ кеше американдық азаматты өлтірген еді. АҚШ әскери өкілі Абу Ғрайып және Ұмм Қаср түрмелерінде әйел тұтқындар жоқ дейді.

АҚШ ұшақтары бүгін Бағдадтың Садр Сити ауданындағы нысаналарды бомбылады. АҚШ өкілі бұл жол бойында қойылған бомбалар мен миналарды істен шығаруға қажет болды дейді. Адам шығыны жайында мәлімет түспеді.
XS
SM
MD
LG