Accessibility links

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жылдық сессиясы ашылды


Сессияны ашқан бас хатшы Кофи Аннан әлем басшыларын дүниежүзі шеңберіндегі заң тәртібін құрметтеуге шақырды. Әсіресе ең қиын заңбұзушылақтар Суданда, Израилде және Ирақта жасалып жатыр, деді Кофи Аннан. Бас хатшы жақында Бесланда болған террорлық шабуылдарды, Ирақта адамдарды ұрлау және Абу Ғрайып түрмесінде АҚШ сарбаздары тарапынан ирақтық тұтқындардың қиналғанын алға тартты. Терроризмге қарсы соғыста адам бостындықтарын таптауға жол бермеу керек, деді Кофи Аннан. Бас хатшы әлем мемлекеттерін азаматтардың құқықтарын қорғауға және қарусыздануға бағытталған келісімдерді жасауға шақырды.
XS
SM
MD
LG