Accessibility links

Пәкістан президенті Палестин еліндегі дау-жанжалды террорлық соғыспен байланыстырады


Пәкістан президенті Первез Мушаррафтың американдық жетекші бизнесмендерге айтқанындай, егер саяси әлемдегі кейбір жанжалдар, дау-дамайлар дер кезінде шешімін таппаса, онда лаңкестікке қарсы АҚШ бастаған бұл соңыс жеңіске жете алмайды. Президент Мушаррафтың айтуынша, әлемдегі мұсылман жұрты терроршылықа қарсы күрес науқаны кезінде Ислам негізгі соғыс нысанасына айналды деп есептейді.

Әлемдегі тұрақтылық үшін алдымен Палестина-Израиль жанжалын реттеу қажет, дейді Пәкістан президенті.

Нью Йорктан тұрып, дүйсенбі күні кешке қарай, Пәкістан президенті Первез Мушаррафтың айтқанындай, лаңкестікпен күресте тек қана әскери қарулы күштерге арқа сүйеп АҚШ үлкен қатеге жол беріп отыр.

Мушаррафтың айтуынша, Вашингтон алдымен, түпкі назарды саяси, экономикалық мәселелерге аударуы қажет. Себебі, терроршылықтың негізі сол жақта жатыр, дейді Пәкістан президенті.

Меніңше, АҚШ алдымен саяси дау-жанжалды реттеуі тиіс, одан кейін аймақтық кедейшілік, сауатсыздық мәселесі тағы бар. Міне осылар лаңкестікке түрткі болып отырған жағдайаттар, - дейді президент Мушарраф.

Мушарафтың айтуынша, әлемдегі кедей және сауатсыз, білімсіз мұсылмандар алдымен әсірешіл қарулы бүлікшіл топтардың алдап-арбауына тап болуда. Олар АҚШтың бұл іс-тірлігі Исламға қарсы әрекет деп түсінеді.

- Сондықтан, бүкіл әлемдегі негізгі саяси дауларды шешіп алу лазым. Өкінішке орай, әлемдегі саяси дауларда көбіне мұсылмандардың байланысы бар. Ал мұсылмандар ислам діні сыртқы соққы нысанасына айналды, деген өкпе сын айтады. Міне осы пікірді теріске шығару керек, - дейді президент Мушарраф.

Первез Мушаррафтың айтуынша, әлі де болса, Палестин-Израиль жанжалын шешуде Вашингтон әділ жолды таңдаса онда Мұсылман әлеміндегі анти-американдық көзғарас сейіле бастауы мүмкін екен.

- Менің пікірімше, біз ислам әлемі жөнінде, немесе исламдағы өзгерістер туралы айтқанда алдымен, саяси дауларды көзде тұтумыз керек. Сондықтан, егер әлемдік тұрақтылықты реттеп, АҚШ түсінігіндегі бейбіт кеңістікті жасау үшін бірінші орында Палестина мәселесін шешуден бастау керек,- дейді Мушарраф.

Первез Мушарраф Пәкістанның президенттік тағына 1999-жылы қантөгіссіз үкіметтік төңкеріс арқылы қол жеткізген. Сонымен қатар Пәкістан қарулы күштері штабы басшылығын да өз қолына алған. Бір айта кететін жағдай, Пәкістан 1990-жылдары Ауғанстандағы тәліптердің режимін қолдап ол үкіметті мойындаған аз санды елдердің бірі. Бірақ, 2001-жылғы қыркүйектің 11інде болған террорлық шабуылдардан кейін, тәліптерге қарсы әскери шабуылдар кезінде, Пәкістан мұсылман әлеміндегі алғашқылардың бірі болып АҚШты қолдап шыққан болатын. Өз кезегінде Вашингтон Пәкістанды лаңкестік пен күресте өзінің ең негізгі одақтасы деп жариялады.

Бірақ ол қыркүйек шабуылдарынан кейін, президент Буш және оның әкімшілігі лаңкестік пен күрес және Израиль-Палестин жанжалы арасында ешқандай байланыс жоқ, деп мәлімдеді.

Ал, Лондондағы Джейнс сентинел секюрити ассесментс жорналының Азия елдері бойынша бөлім редакторы Кристиян Лемиердің айтуынша, лаңкестікпен күрес науқаны кезінде ондай байланыс жоқ деген саясатпен жұмыс тұтты.

- Әрине, бұл АҚШтың исламшыл әсірешілдермен күрестегі өз дипломатиялық тәсілі болар. Бірақ, бұл АҚШтың қазіргі жалпы сыртқы саясатына сәйкес емес, - дейді редактор.

Дегенмен, Лондондық сарапшы, президент Мушарафтың лаңкестіктің түп–төркінін кедейшілік пен сауатсыздықтан іздейтіндігімен онша келісе бермейтін сықылды.

- Оңтүстік Азия мен Пәкістанға келсек, ол аймақта орталық басқарудан тыс, аутономиялық құқ алу жолындағы қозғалыстардың барлығы дабелгілі. Бір ғана Ауғанстанның өзінде әкімшілік билікке құмар қаншама аймақтық әскери қолбасшылар бар. Сондықтан, терроршылыққа тікелей себепші болып отырған жағдай тек қана кедейшілік пен сауатсыздық, десек ақиқаттан ауытқыған боламыз, - дейді Кристиян Лемиер.

Лемиердің пікірінше, Ауғанстан сықылды елдердегі АҚШтың қайта құру саласындағы жәрдемі айтарлықтай болғанымен, мұндай әрекеттердің лаңкестікпен тікелей қатыстығы бар деуге негіз бола алмас.
XS
SM
MD
LG