Accessibility links

Ирақтағы қарулы топ кепілдікке алынған екінші америкалықты да өлтіргендерін айтуда


Ислам веб парақшасындағы мәліметке қарағанда, өткен аптада кепілдікке алынған үшеудің бірі Жак Хенслидің, 24 сағаттық мерзім өткеннен кейін, басын алғандарын әл-Зарқауи тобы хабарлап отыр. АҚШ өкіметі бұл хабарды растай қойған жоқ. Бұдан бұрынғы бейне таспаларында ол топ Ирақтағы Әбу Ғрайыб және Умм Қасыр түрмелерінен тұтқындағы әйелдер босатылмаған жағдайда бұдан бұрынғы өлтірілген Еуген Армстронгтан кейін осы екіншісінің де өлім құшатындығын ескерткен болатын. Ал, АҚШ әскери өкілдері болса аталған екі түрмеде де әйел тұтқындардың жоқ екендігін айтып отыр.
XS
SM
MD
LG