Accessibility links

Қазақстанның әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығы өзінің Exit-Poll жүйесі бойынша жүргізген сайлау қортындысын таныстырды


Қазақстанның әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығы яғни АСИП Exit-Poll жүйесі бойынша жүргізген сайлау қортындысын сәрсембі күні таныстырды. АСИП президенті Бақытжамал Бектурғанованың айтуынша мәжіліс депутаттарын сайлау күні яғни қыркүйектің 19 ы күні тәңертеңгі сағат 7:00 ден кешкі сағат 20:00 дейін Қазақстанның барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларындағы сайлау учаскелерінде осы бейресми ұйымның барлығы 3500 дей сұқбат өткізуші адамдары Exit-Poll жүйесі бойынша яғни сайлауды қалай бергендігін сайлаушылардан сұрау арқылы сауалнама өткізген. Бұл сауалнама Қазақстандағы барлық 67 сайлау округінің 21 інде жүріліп оған сайлаушылардың 357133 і қамтылған. Бұл барлық сайлау округінің 30 процентейі болмақ ал дауыс беру жасындағы сайлаушылардың 10 процентейі.

АСИП президенті Бақытжамал Бектурғанованың айтуынша партиялық тізім бойынша алғашқы үш орынға «Отан», «Асар» және «Ақ Жол» партиялары шыққан.

Exit-Poll қортындысы бойынша «Отан» партиясы 44.13 процент жеңіп алып бірінші орынға шыққан, ал екінші орынға « Асар» партиясы 16.61 процентпен ал үшінші орынға «Ақ Жол» партиясы 14.34 процент дауыспен шыққан. «Аист» блогі 9.46 процент алып парламентке кіру мүмкіндігіне ие болған. Ал Комунистер мен Демократиялық Таңдауы оппозициялық одағы парламентке кіру үшінгі 7 проценттік баспалдаққа сәл жетіңкіремей қалған яғни 6.71 процент алған.

АСИП тің бұл Exit-Poll жүйесі бойынша жүргізген жұмысын Еуропа Комиссиясы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы яғни ОБСЕ, АҚШ елшілігі, Британия елшілігі және Голландия елшіліктері қаржыландырған. АСИП тің бұл шығарған қортындысымен кейбір саяси партиялар өздерінің мүлдем келіспейтіндіктерін білдіріп отыр. Сондай партияның бірі «Ақ Жол» партиясының саяси кеңесінің мүшесі Төлеген Жүкеевтің айтуынша АСИП қортындысы шындыққа келіңкіремейді. Өйткені оның « Ақ Жол»ға қатысты шығарған қортындысы дұрыс емес. Орталық Сайлау коммисиясы сайлаудың ресми қортындысын әлі жариялаған жоқ
XS
SM
MD
LG