Палестиналық жанкешті әйел Йерусалимдегі автобус тұрағы маңында жарылғыш затты іске қосқан болатын. Оның кесірінен израйльдік 2 шекарашы полиция қызметкері қаза болып, кем дегенде 16 адам жараланған. Бұл шабуылдар үшін әл-Ақса бригадасы жауапкершілікті өз мойнына алуда. Сондай-ақ бұл шабуылдың Палестина жерлеріндегі палестиналық жауынгерлерді Израйль күштерінің өлтіргеніне жауап ретінде жүзеге асырылғандығын олар айтты. Осыған жауап ретінде Израйль тікұшағы Газа аймағындағы босқындар лагеріне шабуылдаған.