Accessibility links

Таяу Шығыста тағы адам шығыны болды


Израил әскерінің мәліметіне қарағанда, Газа секторында еврей қонысының күзетіне шабуыл жасалып, үш израилдік сарбаз және екі палестиндік соғысушы қаза тапты. Бүгін сондай ақ Израил әскері Хан Юнус палестиндік босқындар ауылына танктер пен бульдозер тракторларды кіргізді. Израил тікұшағы Газа секторындағы қонысқа зымыран атты. Кемінде 7 палестиндік азамат жарақат алды деп хабарланды. Таяу Шығыс мәселесін Біріккен Ұлттар Ұйымы кеше талқылап, Таяу Шығыс бейбіт келісім құбылысында айтарлықтай алғабасу жасалмады деп сипаттады. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Америка Құрама Штаттары, Еуропа Одағы және Ресей "жол картасы" жоспарының қамқоршылары ретінде біріккен мәлімдеме жасады.
XS
SM
MD
LG