Сайлау өткеннен кейін оның қорытындысына наразылық білдірген “Ақ жол” демократиялық партиясы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осымен бірнеше рет саяси мәлімдеме жасады. “Республика” газетінің жұма күнгі санының бірінші бетінде, “Ақ жол” демократиялық партиясының Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған ашық хаты жарық көріпті. Президентке жолдаған ашық хатында ақжолдықтар мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау әділ өтеді деп уәде бергенімен, өз сөзінде тұрмағандығын тілге тиек етіпті. Мемлекет басшысына жолдаған ашық хатта келтірілген деректерге жүгінсек, барлық сайлау аймақтарында, президент тағайындаған адамдар, Парламентке өз адамдарын өткізу үшін неше түрлі заң бұзушылық әрекеттерге барған. Тіпті Алматы қаласының үшінші сайлау учаскесінің адамдары әкімшілік қысымға наразылық білдіріп, жұмыстарын тоқтатып, өз еріктерімен отставкаға кетуге мәжбүр болған.
Сондай-ақ “Республика” басылымының екінші бетінде жарық көрген мақалада “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменовтың депутаттық орнынан бас тартқандығы хабарланыпты. Мақала авторының айтуынша, жиырма үшінші қыркүйек күні өткен баспасөз мәжілісінде “Ақ жол” партиясының тең төрағаларының бірі Алтынбек Сәрсенбаев “Назарбаев мырзаның, ендігі тұста мемлекетті басқаруға моральдық құқы бар ма? Сол жағын мықтап ойлануы тиіс” деп мәлімдепті. Мақалада сондай-ақ, ақжолдықтардың 2001 жылғы оқиғаның қайталануы мүмкін екендігін жоққа шығармайтындығы да айтылыпты.
“Начнем с понедельника” апталығы болса “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбаевтың , сайлауда жіберілген заң бұзушылықтарға байланысты, президент әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетовтың, Орталық сайлау комиссиясысының мүшелері мен оның төрайымы Зағипа Балиеваның, сондай-ақ аудан мен қала әкімдерінің отставкаға кетуін талап еткендігіне тоқталыпты.
“Қазақстан” газетінде де алматылықтар “ақжолдықтардың” тілеуін тіледі деген мақала жарық көріпті. Мақалада келтірілген Қазақстанның экономикалық ақпарат және болжау институтының деректеріне жүгінсек, Алматы қаласында “Ақ жол” партиясына дауыс бергендердің саны көп болған. Павлодар қаласының басым көпшілігі “Отан” мен “Қазақстанның демократилық таңдауы мен Қазақстан Коммунистік партиясының” блогына дауыс берген.
Сайлау тақырыбымен бірге мерзімді басылымдар Мәскеуде Ибрагим Жұмалиев атты қазақстандық азаматтың өлтіріліп кеткендігіне де айрықша назар аударыпты. Жұма күні жарық көрген “Экспресс К” газетінің хабарлауынша, алғашқы кезде, Ибрагим Жұмалиевтың Қазақстан елшілігінің қызметкері ма, әлде Мәскеудегі Астана әкімшілігінің өкілі болып табыла ма? деген сауалдың жауабын табу қиынға соққан. Кейіннен қаза тапқан Ибрагим Жұмалиевтың соңғы кездері мемлекеттік қызметте мүлде жұмыс істемегендігі анықталған. Ибрагим Жұмалиевты белгісіз біреулер сәрсенбі күні кешке қаланың ортасында атып кеткен. “Газета ру” басылымының хабарлауынша, оның қалтасынан Мәскеудегі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілетті уәкілі екендігін айғақтайтын куәлік табылған. Осы оқиғадан кейін, құқық қорғау орындарының қызметкерлері Мәскеудегі Қазақстан елшілігіне хабарласқан, алайда олар елшілікте Ибрагим Жұмалиев деген азаматтың жұмыс істемейтіндігін хабарлаған. “Экспресс К” газетінің хабарлауынша, бұл оқиғаның мән-жайысын анықтау үшін Қазақстанның дипоматиялық миссиясының ресми өкілі Мәскеуге ұшып кетіпті.
Бұл тақырыпты жалғастырған “Деловая неделя” апталығының жұма күнгі санынының бірінші бетінде жарық көрген бас мақалада ресейлік басылымдардың “Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеудегі өкілетті өкілін өлтіріп кеткендігін хабарлап жатқандығы айтылыпты. Мақала авторының айтуынша, “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбаев “Жұмалиевпен жақсы таныс болғандығын мәлімдеген. Алтынбек Сәрсенбаевтың айтуынша, Жұмалиевпен оны сол кездері премьер-министр қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов таныстырған. Сондай-ақ Алтынбек Сәрсенбаев Ибрагим Жұмалиевтың Мәскеудегі Қазақстан Президентінің өкілі болғандығын да растаған. Алтынбек Сәрсенбаев жиырма үшінші қыркүйек күні өткен баспасөз мәжілісінде Ибрагим Жұмалиевтың дипломатиялық құжаттарды толтырумен айналысқандығын хабарлаған.
Жұма күні жарық көретін “Панарома” апталығы келтірген мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеудегі сенімді өкілі Ибрагим Жұмаливті өлтірген қылмыскер, оған бес рет оқ атқан. Алайда көршілердің ешқайсысы да атылған оқтың дыбысын естімеген. Ибрагим Жұмалиевтың қалтасынан милиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы президентінің өкілі екендігін растайтын куәлікті тапқан.
Мақала авторының айтуынша, Ибрагим Жұмалиевтың достары да, оның Мәскеуде орналасқан Қазақстан Республикасының елшілігінде лауазымды қызмет атқарғанын растаған. “Панoрaма” апталығының хабарлауынша, Мәскеудің қылмысты іздестіру бөлімшесі, Ибрагим Жұмалиевтың өлімі, оның дипломатиялық қызметімен емес, оның соңғы кездердегі бизнесімен байланысты деген қорытынды жасап отыр.