Accessibility links

Израильдің әскери тікұшақтары бүгін таңертең Газа аймағындағы босқындар лагеріне зымырандық соққы берді


Израильдің әскери тікұшақтары бүгін таңертең Газа аймағындағы босқындар лагеріне зымырандық соққы берді. Қаза болған немесе жапа шеккендер жайында әзірше хабар жоқ. Сенбі күні Израиль армиясының Хан-Юниске берген соққысынан 1 палестиндік опат болды. Одан кейін израильдік жауынгерлер палестиндіктердің көрші еврей қонысын зымырандармен атқылауына есе қайтарып, босқындар лагеріндегі бірнеше баспананы қиратты. Палестиндіктердің соққысынан израильдік бір әйел қаза болған болатын.
XS
SM
MD
LG