Қазақстандағы адам құқықтарының сотпен қорғалуын, сот әдiлдiгiн қамтамасыз етудiң басты тетiгi ретiнде сот реформасын жүргiзу күн тәртiбiне қойылып отыр. Әсiресе, келешекте сот өндiрiсiне Алқа билердi қатыстыру жайы мамандар тарапынан әртүрлi пiкiрлердi туғызуда.
Конституциялық Кеңестiң мүшесi Қабылсаят Әбiшев болашақта құрылатын алқа билерiнiң ой өрiсi ежелгi билермен салыстыруға келмейтiндiгiн сынаса, Бас прокурордың 1-шi орынбасары Iлияс Бақтыбаев батыстық үлгiден бас тарту қажеттiгiн айтады. Ал, заңгерлер Әдiл Құрықбаев пен Қанапия Омархан ежелгi сақ дүниесiндегi билер алқасының тәжiрибесiне әлем сүйенiп отырғандығын дәйектейдi. Адам құқығын қорғау жөнiндегi сарапшылар Болат Байқадамов пен Евгений Жовтис осы жүйе арқылы азаматтардың құқығы толық қорғалатындығына күмән келтiрiп отыр.
Қазақстанның Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми кейде сотталушы мемлекеттiк кәсiби судьялардың үкiмi әдiл болатындығына күмән келтiруi мүмкiн. “Сондай жағдайларда алқа билер институты қажет.Өйткенi, халық өз өкiлдерi арқылы сот шешiмiнiң әдiл болуына ықпал ете алады,-” дейдi.
АҚШ-тық заңгер Стивен Тейман болашақта Қазақстандағы сот өндiрiсiнде тек ауыр қылмыс жасағандарға ғана алқа билерiн тартуға болатындығын тым аз көрсеткiш деп есептейдi. Оны сот жүйесiнiң барлық саласына енгiзiп, қана қоймай алқа билерiне мемлекеттiк қорғауды қамтамасыз ету қажеттiгiн айтады. Өйткенi, АҚШ-та алты ай мерзiмге сотталғандардан бастап барлық iстерге алқа билерi қатыса алады екен. Сондай-ақ, Стивен Тейман алқа билер құрамы 9 адамнан болу қажеттiгiн алға тартады.
Бас прокурордың 1-шi орынбасары Iлияс Бақтыбаев Қазақстандағы адам санының аз болуына байланысты алқа билер құрамын бес адамнан арттырмау қажеттiгiн және шетелдiң тәжiрибесiн түгелдей қабылдай беру тиiмсiз деген тоқтамға келiп отыр. Өйткенi, кейбiр мемлекеттерде алқа билердiң түгелдей жиналуын қамтамасыз ету үшiн төрт бес ай кететiндiгiн, сол мерзiмде айыпталушы қамауда жазықсыз отырып қалатындығын тiлге тиек етедi. Қазақстанның Конституциялық Кеңесiнiң мүшесi Қабылсаят Әбiшевтiң айтуынша, алдағы жасақталатын алқа билерi сот шешiмiн әдiл шығаруға жәрдемдеседi дегенге сену қиын.
“Бұлардың ой өресiн ежелгi қазақтардың билер сотымен салыстыруға еш келмейдi. Олар даланың данагөйлерi, салт-дәстүр, түрлi талқылардан өткен шыңдалған билер. Оны қазiргi кәсiби судьялармен салыстыруға болады. Ал, болашақтағы алқа билерiнiң үкiмiне келiспеген айыпталушы немесе жәбiр көрушi әрi қарай қайда шағымданатыны да белгiсiз,-”дейдi Қабылсаят Әбiшев.
Бұл пiкiрдi Қазақстандағы Адам құқығын қорғау жөнiндегi уәкiл Болат Байқадамов та қолдаса, Қазақстандағы Адам құқын қорғау жөнiндегi халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис:“ Еш мемлекет сот шешiмiнiң 100 пайыздық өлшемiн қанағаттандыра алмайды. Дегенмен, алқа билер институты Қазақстанда халықтың әдiлдiк пен ашықтықты қамтамасыз етуге қатысын бiлдiредi. Заңдылықтың сақталуына халық өзi араласа алады”,-дейдi.
Қазақстанда алқа билер сотын енгiзу жөнiндегi заң жобасын жасаушылардың бiрi Жоғарғы соттың судьясы Әдiл Құрықбаев алқа билер құрамына өте бiлiктi жандарды iрiктеп алу жолдары заң жобасында қарастырылып отырғандығын айтады.
Ал, заңгер Қанапия Омарханұлы Қазақстандық заңгерлердiң ешқандай елдiң тәжiрибесiне арқа сүйемей- ақ. қазақстандық жүйенi қалыптастыру қажеттiгiне тоқталады. Өйткенi, қазақстандық алқа билерiнiң тарихы ежелден бар. Сол жүйемен армяндар да поляктар сот iсiн атқарған. Ежелгi Вавилондағы сот iстерi де шумерлiк “Хамура би” жарғыларымен жүзеге асқандығына тоқталады. Сонымен, Қазақстандағы алқа билер сотын енгiзу туралы заң жобасы Әдiлет министрлiгiнiң сараптауынан өткiзiлуде. Заң жобасы биылғы жылдың 4-шi тоқсанында Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына ұсынылмақ.