Пәкістан президенті Первез Мушарраф бүгін “Әл-Қаида” ұйымының пәкістандық өкілі Амджад Хуссеин Фарукидің көзі жойылғанға терроризм қатеріне соққы берілді деп ризалық білдірді. “Біз террористік қатердің негізгі көзін өлтіріп жойдық. Ол аздай Фаруки - маған жасалған қастандықты және басқа жерлерде болған шабуылдарды ұйымдастырды. Демек терроримзнің үлкен тұлғасының көзі жойылды”, -деп атап көрсетті генерал Мушарраф.
Фаруки, сондай-ақ, 2002 жылы америкалық журналист Дэниел Перлді өлтіруге және Карачиде АҚШ елшілігінде жанпидашыл лаңкес жүзеге асырған қастандыққа қатысы болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?