Accessibility links

Алматыда Қытай киносының апталығы басталды


Cәрсенбі күні Алматы қаласында Қытай киносының апталығы ашылды. Қыркүектің 29-ы мен қазанның 5-і аралығында өтетін кино апталығында «Ержүрек жауынгерлер» , «Ізсіз бейне» , «Қаракөз» және «Өзен өткелі» сынды онға жуық фильмдер көрермен назарына ұсынылатын болады. Қытай киносыны апталығының бірінші күні «Қызыл шие» атты фильмнің көрсетілімімен ашылған болатын. Аталмыш шара жыл сайын қазанның 7-сі күні аталып отыратын Қытайдың Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Қазақстандағы Қытай киносының апталығы жыл сайын қазанның 1-інде аталып өтілетін Қытайдың Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Ол туралы Қытай мәдениет орталығыныңң басшысы Нейля Мұқанова хабарлаған болатын.

- Биылғы жылғы мереке ерекшелеу, себебі, Қытай елі Республика күнін 55-ші рет тойлағалы отыр.

Қытай киносының апталығына келген көрермендер ішінде Алматыдағы халықаралық қатынастар университетінің студенттері де бар болып шықты.Олардың айтуынша, өздерінің оқып жатқан қытай тілі мамандығын жетік меңгеру үшін, Қытай мәдениеті мен тілін танып-білу өте қажет.

- Біз енді қазір қытай тылын оқып жатқаннан кейін, оның мәдениетін, салт-дәстүрін, жері туралы жақсы білуіміз керек қой. Кейін аймақтану мамандығын алған кезде , сол елге барған кезде біз жақсы маман болуымыз керек, ол елді жақсы білуіміз керек. Сондықтан мына Қытай киносы бізге бір бастапқы сол елдің тарихы туралы көсеттетін шығар деп ойлаймыз.

- Қытай тілін оқып жатқаннан кейін, ол Қытайдың мәдениетін, халықтарының тіршілігін білгім келді, терең танысқым келді.

Алғашқы күні көрсетілген «Қызыл шие» фильмінен алған әсерін, Қытайда туып-өскен бүгінде ата жұрты Қазақстанға көшіп келген Баян Мәлікқызы төмендегідей жеткізді.

- Екі елдің Қытай мен Ресейдің бірге түсірген фильмі. Дүниежүзінде үлкен бір сыйлық алған фильм. Бізге ұнап отыр, біздің студенттерге де ұнап отырған сияқты. Бұл Қытай мемлекетінде де үлкен сыйлық алған фильм.

Қыркүйектің 29-ы мен қазанның 5-і аралығында өтетін Қытай киносының апталығы шеңберіндегі қойылатын барлық фильмдер тегін көрсетілетіндігін естеріңізге салайын.
XS
SM
MD
LG