Accessibility links

Түркіменстан мен Өзбекстан өзара қарым-қатынасты жақсарту қажет екенін басшылықа алып, қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара ынтымақтасу туралы уағдаласты


Түркіменстан мен Өзбекстанның қорғаныс министрлері екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсарту қажет екенін басшылықа алып, қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара ынтымақтасу туралы уағдаласты. Түркіменстанның ресми баспасөз құралдары бүгін хабарлағандай, кеше түркімен қорғаныс министрі Ағагелді Мамедгелдиев пен оның өзбек әріптесі Қадыр Гулямов Түркіменстанның шекара маңындағы Түркіменабад қаласында бас қосып, қарулы күштер саласындағы ынтымақтастық, аймақтың қауіпсіздігі және шекара аумағындағы өзара сенім шаралары мәселелерін талдасқан.
XS
SM
MD
LG