Ирақтың ішкі істер министрлігінен хабарланғандай, АҚШ пен Ирақ күштері Бағдадтың таяуда ғана кескілескен шайқас болған Хайфа көшесінде бүгін көтерісілшермен қақтығысып қалды. АҚШ армиясы өкілдерінің хабарлауынша, кеше Бағдадтың шийттер тұратын Садр-Сити ауданына әуеден соққы беріліп, автокөлікке орнатылған зымырандық қондырғы жойылды. Сейсенбінің кешінде АҚШ-тың әскери күзеті өтіп бара жатқан Мосул қаласында автобомба жарылып, 6 американ жауынгері мен 2 Ирақ тұрғыны жараланды. Киевте Украинаның қорғаныс министрлігінен хабарланғандай, бүгін Ирақта болған кезекті жол оқиғасында украиндық әскери өкіл қаза болып, басқа екеуі жараланды.
Ирақтың ішкі істер министрлігінен хабарланғандай, АҚШ пен Ирақ күштері Бағдадтың таяуда ғана кескілескен шайқас болған Хайфа көшесінде бүгін көтерісілшермен қақтығысып қалды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?