- Бұл біртұтас еліміздің қабырғасын қайыстырған, барлық италияндық қыздардың ата-аналарының мазасын алған жантүршігерлік оқиға болды. Қуанышқа орай, оқиға мүмкін болар ең жақсы жағдайда тарады.
Алайда сәрсенбі күні италияндықтардың шексіз қуанышы ақшаға сатып алынды деген кейбір мәліметтер пайда болды. Италия үкіметі кепілдіккеалушыларға бір миллион доллар төлепті деген қауесет жайында Италия үкіметі сипаттама айтудан бас тартты. Италия парламенті сыртқы істер комитетінің төрағасы Джузеппе Селва соғысушыларға бір миллион доллар төленіпті дейтін газеттердікі шындыққа сай көрінеді деді. Салыстыру үшін айтайық, кепілдікке түскен британиялық журналист жайында Британия үкіметі бопсалауға көнбейміз, адамұрлаушылармен келіссөз жүргізбейміз деді. Дегенмен, британиялық азамат жақында босатылуы мүмкін деген хабарлама пайда болды интернетте бейсенбі күні. Римде орналасқан Халықаралық қатынастар институтының маманы Джейн-Пиерр Дарнис италияндықтардың көпшілігі үшін ақы төлеу соншалықты үлкен мәселе емес дейді:
- Мұны проблема деп қабылдамаймын. Италияндықтар өте прагматик халық емес пе. Адам өмірі италияндықтар үшін құнды дүние. Әлбетте, бопсалауға көніп, ақша төлеу жақсы емес. Францияда не болмаса басқа елде бұл өте үлкен проблема болар еді. Ал Италияда олар ақша төлеседе қыздарымыз қайтып келді деп мәз-мейрам.
Берлускониді қолдайтын консервативтік бағыттағы "Ил Фолио" газеті бопсалауға көніп кез-келген ақы төлеуді айыптап отыр. Ақы төлеу қару саудасы сияқты зұлым құбылыстарды қоздырады, Ирақта демократия және бейбітшілікке жол ашқызбай, соғысты ұлғайта түседі, - дейді бұл газет. Дейтұрғанмен, ақы төлеу-төлемеу мәселесіне Италияда санаулы газет зейін қойып отыр. Газеттердің көпшілігі азат етілген қос Симонаның денсаулықтарын, хиқаяларын әңгімелеп жатыр. Қос Симона Италияның ұлттық қаһармандарына айналды.