Бүгін Бағдад қаласының оңтүстігіндегі қатарынан 3 автобомбаның жарылысынан кем дегенде 37 кісі, басым көпшілігі балалар, қаза болды. АҚШ армиясы өкілдерінің хабарлауынша, бұл шабуылдар америкалық әскери күзетті нысанаға алған. Бағдадтағы Ярмаук ауруханасының дәрігерлері хабарлағандай, оған шамамен 120-ға жуық адам түсіп, аурахана жаралыларға лық толған. Өзара үйлестірілген бұл шабуылдар Бағдадтың батысындағы Әбу-Грайб ауданында жанпидашыл-лаңкестің бомба орнатылған автокөлікті жаруының ізінше болды. Ол жарылыстан Ирақтың 2 полицейі мен 1 АҚШ жауынгері қаза болып, көп кісі жараланды.