Accessibility links

Қырғызстан мен Иран ресми басшылығы өзара сауда –саттық байланысын нығайтуға келісті


Иран Қырғызстандағы жол құрылысы жобаларына 50 млн доллар несие беруге уәде еткен.

Қырғызстан бас министрі Николай Танаев пен Иран президентінің 1-ші орынбасары Мохаммад Реза Ареф екі ел арасындағы байланыстар жөніндегі мәселелерді бейсенбі күні Бішкекте болған кездесуде талқылады.

-Біз лаңкестік жане әсірешілдікпен күресте өзара ынтымақтаса отырып әрекет етуге келістік, - деген Қырғызстан бас министрі Танаев Ал Мохаммад Арефтің айтуынша, екі мемлекет жыл сайын өзара сауда-саттық көлемін кемінде 200 млн долларға жеткізбек.

Иран Қырғызстаннан гидро электр қуатын алатын болса, оның есесіне, Иран Қырғызстанға электр стансаларын құруға көмектеспек .

Иран президенті орынбасары бүгін жұмада Қырғызстан президенті Асқар Ақаевпен кездеспек.
XS
SM
MD
LG