Үш раундтан құралатын дебаттардың алғашқысы Астана уақыты бойынша бүгін тәңертен болды. Қазіргі президент Джордж Буш және оның бәсекелесі, сенатор Джонн Керри бірінші раунда елдің сыртқы саясаты жөнінді сөз жарыстырды, Ирақ, Ресей және Солтүстік Корея мәселелері жөнінде пікір таластырды. Джонн Керри Ирақ соғысы жөнсіз басталған науқан, аса үлкен қате деп Бушты айыптады:
- Джордж Буш бейбітшілікке қол жеткізу жоспары болмай тура соғысты тез арада ашып жіберді. Бұл Америка Құрама Штаттары президентінің алдында тұрған міндет емес бұл. Бейбітшілікке қол жеткізу жоспарыңыз болмаса Американы соғысқа араластыруға қақыңыз жоқ.
Ал Джордж Буштың оған қайтарған жауабында Ирақ мәселесі – терроризмге қарсы соғыстағы негізгі буын, Ирақта тұрақтылық орнатуда АҚШ табысқа қол жеткізеді делінді:
- Ирақта табысқа қол жеткізбегеніміз ең үлкен апат болар еді. Біз табысқа жететін боламыз. Біз ол жөнінде жоспар құрғанбыз. Ал табысқа жететініміздің басты себебі – ирақ халқы азат болғысы келеді.
Джонн Керри, сол сияқты, Буштың Ауғанстандағы саясатын сынады, Ресей президенті терроризмге қарсы қимыл ретінде саяси бақылауды күшейтіп жатыр, сондықтан Ресейге қатысты салмақты саясат жүргізу керек деді. Джонн Керри Солтүстік Корея ядролық мәселесінде осы елмен екіжақ келіссөз жүргізген жөн деді. Бірақ Джордж Буш Солтүстік Корея мәселесін Ресей, Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея қатысып жатқан келіссөздеі арқылы шешкен абзал деді. Буш пен Керридің келесі пікірсайыстары 8-шы қазанда және 13-шы қазанда өтпек.