Жарысқа бес кандидат түсіп отыр. Олардың бәрі де республиканың Грузия қол астына қайта баруын болдырмайтындықтарына уәде беруде. Өкімет басшысы Раул Хажимба алда келеді. Денсаулығына байланысты қызметінен кетуді ойлаған елбасы Владислав Ардзинба өзіне ізбасарлыққа Хажимбаны лайық көретіндігін айтқан болатын.