Accessibility links

Келесі айда Мысырда Ирақ мәселесіне арналған халықаралық конференция өтпекші


Иран елі осы жиынға қатысуға ықылас білдіріп отыр. Өткен аптада АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауел конференцияның жоспары жайлы ашық баяндаған болатын. Атап айтқанда, жиынның басты мақсаты Ирақта тұрақтылықты орнату үшін оған көрші елдердің әріптестік қадамдарына қол жеткізу болмақшы. Яғни сол арқылы келер қаңтарда болатын сайлауларға тиісті мүмкіндіктер жасау. Иран Сыртқы істер министрлігі өкілі Хамид Реза Асефи, Техранда сөйлеген сөзінде, бұған орай барлық бастамаларды Иранның қуаттайтындығын айтты. Өз жоспарлары жөнінде ресми Техран кейінірек мәлімдемекші.
XS
SM
MD
LG