Accessibility links

АҚШ және Ирақ күштері Самаррада жеңіске жеткендерін жариялады


Мұндай нәтиже екі күндік шабуылдан кейін ғана мүмкін болған еді. АҚШ күштері Фаллужа қаласына түнде әуден шабуыл жасады. Бұл кезде Ирақтың басқа да қалаларындағы көтерілісшілерге қарсы әскери шаралар жалғасып жатқан болатын. Шабуылдардың бірі кезінде едәуір зақымданған ғимаратта жарылыс екінші қайтара жалғасқан екен. АҚШ әскерилерінің айтуынша, бұл ғимарат- әскери қару-жарақ сақталған қойма болса керек. Әскерилер оның нәтижесінде бірнеше жаулары қаза тапқан болар,-деп үміттенуде. Фалужаның бас ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, екі қарапайым азамат қаза болып, оншақтысы жараланған екен.
XS
SM
MD
LG