Accessibility links

АҚШ жетекшілігіндегі әскери күштер жұма күні бүлікшілдер бақылауындағы Самарра қаласына шабуыл жасап, 100 шақты партизанды өлтіріп, 200 адамды жаралады


Қалаға басып кірген күштерге әуеден және жерден ұшақтар мен сауытты әскери көліктер қолдау көрсетіп тұрған. Ал АҚШ әскери әкімшілігінен хабарланғанындай, Ирақ күштері Самаррадағы шииттердің Алтын мешітіне басып кіріп, 25 шақты бүлікшілді тұтқындаған. Бұл шайқаста кемінде бір американ сарбазы қаза тапқан.

Ал оңтүстіктегі Куфа қаласында Ирақ қауіпсіздік күштері жұма намазына келмек болған Моқтада ал-Садрдің 100 шақты қолдаушысын мешітке жібермеген.
XS
SM
MD
LG