Accessibility links

“Қазіргі заманғы Қазақстан романы” атты бәйге жүлдегерлерінің кітаптары оқырмандарына жол тартты


Осыдан екі жыл бұрын “Сорос-Қазақстан” қоры жазушылар арасында “Қазіргі заманғы Қазақстан романы” атты бәйге жариялаған болатын. Бірнеше кезеңдерден тұратын бәйге шартын орындап, үздік шыққан бес қазақстандық жазушы кітаптарының тұсаукесері бейсенбі,қазанның 7-күні болды. Басты мақсат – қазіргі романдардың көркемдік сапасын арттыру болған бәйге межесіне жетіп, өз міндетін орындады дейді шараны ұйымдастырушылар.

Қазақ жазушылары соңғы уақытта яғни Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бергі заман бейнесін көркем әдебиетте кескіндей алмай келеді деген пікірлердің де бой бергені белгілі. Алайда әдебиеттің ең үлкен әрі күрделі жанры – қазіргі қазақ романы қандай болуы керек деген сауалдың жауабы сыншылар үшін де, жазушылар үшін де қиын тақырыптың біріне айналғандай еді. Алайда бұл сұрақтың түп-төркініне барлау жасауға “Сорос-Қазақстан” қоры басшылығымен бірқатар жазушылар талпыныс жасап көріпті. Енді осы бастама турасында шараны ұйымдастырушылардың бірі, әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова аталған ізденістердің көңіл қуантарлық екенін айтады. Біз осы шараға орай Қазақстан жазушылар Одағының да пікірін білмекке хабарласқанымызда, одақтың хатшысы Талаптан Ахметжан өздерінің бұл бастама туралы ештеңе айта алмайтындығын жеткізді. Алайда сыншы Әуезхан Қодар бұндай шараларға Қазақстан жазушылар Одағының бастамашы болудың орнына қалыс қалып келуін түсінбейтіндігін айтады. Ал бәйгенің жеңімпазы жазушы Дидар Амантай қазіргі қазақ романы туралы пікірінің қалыптасқанын айтады. Сөйтіп қазақстандық бес жазушының екі жылдық ізденісінің нәтижесі іспетті бес роман оқырмандарына жол тартты.
XS
SM
MD
LG