ӘБУ-ДАБИ: Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы ОПЕК-ке мүше мемлекеттердің мұнай өнеркәсібі министрлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бас қосуында көмірсутегінің әлемдік нарықтағы бағасын ауыздықтау үшін Ұйым қолдан келген шараның бәрін жасады деп мәлімдеді. Министрлердің пікірінше, ОПЕК елдері қазір мұнайды мүмкіндігінше мол өндіріп жатыр – тәулігіне 30 млн. баррель, және өндіріс көлемін төмендетуді жоспарламайды. Жұма күні 1 баррель мұнайдың бағасы – бұрынғы рекордтық көрсеткішінен асып 53 долларға жетті.
ОПЕК мемлекеттерінің мұнай өнеркәсібі министрлері көмірсутегінің әлемдік нарықтағы бағасын ауыздықтау үшін Ұйым қолдан келген шараның бәрін жасады деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"