Мұның өзі осы аймақтағы шайқастардың аяқталғандығын айғақтайтын болады. Қарулар келесі бес күн ішінде Ирақ полициясына ақшаға айырбас ретінде тапсырылмақшы. АҚШ Қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфельд Ираққа келген күтпеген сапары барысында, Әл-Асад әуе жайында, АҚШ солдаттары алдында сөйлеген сөзінде, Ирақ сайлаулары қарсаңында елде қиындықтар мен күш қолданулардың одан әрі өсе түсетіндігін айтты. Сондай-ақ АҚШ және оның одақтастарының көтерілісшілермен күрес мақсатының сын тезіне түсіп тұрғандығына тоқталды. Елдегі күш қолданулар бүгін одан әрі жалғасуда. Бағдатта болған жарылыс кесірінен кем дегенде төрт адам қаза болған.