Accessibility links

Әлемдегі мұнай бағасының бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге дейін көтерілуіне орай, Қазақстанда жанар-жағар май бағасы қымбаттады


Қазір Қазақстанда жалпы қуаты 13-14 млн. тонна мұнайды өңдеуге жететін, 3 зауыт жұмыс істейді. Экономистердің пайымдауынша, мұндай көлемдегі жанар-жағар май елдің ішкі сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті. Демек, баға көтерілуге тиіс емес,-дейді сарапшылар. Бірақ, Қазақстанда жыл сайын егін науқаны басталар кезде жанар-жағар май бағасы қымбаттап отырады. Қазақстанның Монополияға қарсы агенттігінің басшылығы, бұл құбылысқа баға келісімі себепкер деген тұжырым жасаған болатын. Бірақ, бұл мерзімде өтіп кетті, сондықтан Қазақстандық жүргізушілердің біразы жанар-жағар май бағасының неліктен қымбаттағанын түсінбей отыр. Қазақстандағы ғылыми-инженерлік «Мұнай» орталығының бас директоры Надир Надировтың сөзіне сүйенсек, мұнай бағасының соңғы уақытта осылайша күрт көтерілуі саясатқа байланысты:

-Баға көтерілуі уақытша. Ирақтағы саясатқа байланысты. Бізге жақсы табыс қой. Бірақ, оның бір дәрежеде тоқтағаны дұрыс. Кейін, көтеріліп, бір айдан кейін қайтадан төмен түсіп кетсе, ол жаман.

Сарапшылардың бақылауынша 1999-ыншы жылдан бері дүние жүзіндегі мұнай бағасы біртіндеп көтеріліп келеді. Ал, биылғы жылы әлемдегі мұнай бағасы бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге жетті, яғни әр баррел 47-50 доллар тұратын болды. Мұнай барелінің көтерілуі Қазақстанда жұмыс істеп жатқан мұнай компанияларының табысын ұлғайтқанымен, тұрғындардың басым көпшілігі кезекті рет жанар-жағар май бағасының қымбаттауына көнуге мәжбүр болып отыр, - дейді кейбір сарапшылар. Астана қаласында 93-інші жанар-май литрінің құны 58-теңгеге жеткен. Ал, Атырауда ол оданда жоғары. Мұнайлы Атырау өңірінде шығатын «Алтын ғасыр» газетінің редакторы Жұмабай Доспановтың пікірінше, мұнай бағасының көтерілуі алғашқы қарағанда, Қазақстан үшін тиімді болып көрінгенімен іс жүзінде ол көп пайда әкелмейді:

-Солтүстік Каспий игерілгеннен кейін, жылына 140-160 миллион тонна мұнай игеруге жетеміз дейді. Бірақ, бұл Қазақстанға онша көп пайда әкелмейді. Өтйкені ондағы Қазақстан үлесі бәрі-бір 20-пайыздан аспайды.

Қазақстандағы ғылыми-инженерлік «Мұнай» орталығының бас директоры Надир Надировта мұнай бағасының қымбаттауы қарапайым жұртшылыққа пайда әкелмейді деген пікірін білдіртті:

-Бір жағынан жақсы мемлекетке қарапайым, кісілерге өзгеше. Жанар май көтеріледі. Ал, еңбекақы өзгермейді. Енді, саясат сондай болады.

Мұнайлы Атырау өңірінде шығатын «Алтын ғасыр» газетінің редакторы Жұмабай Доспановтың пікірінше, Қазақстанда соңғы бірнеше жылда үкімет басшылары сан рет ауыссада ешқайсысы мұнай бағасының қымбаттауын пайдаланып, халықтың ахуалын жеңілдеткен емес:

-Әлемдік баға көтеріліп жатса да Қазақстан тұрғындарына қамқорлық жасалмайды. Жанар-жағар май бағасы жылына бірнеше рет көтеріледі. АИ-93 жанар - жағар майының құны 60 теңгеге жетті, жыл басында 50 теңге болатын. Мысалы Израильде қазаннан сәуірге дейін, зейнерткерлерге ай сайын, 300 доллар қосады екен.

Әлемдегі мұнай бағасының көтерілуі, Қазақстанның ішкі нарығына қатысты әсерін зерттеу мақсатымен, біз Астанадағы жеке меншік такси жүргізушілерінің пікірін сұрадық. Олардың біразы мұнай бағасының көтерілуінен түскен пайдадан гөрі зияны көбірек деп отыр:

-Қалтаға ұрады. Қымбаттап кетті. Жай бензин құймайсың ғой, 93 құясың, ол 58 теңге болып кетті. -Жанар-май бағасы бәрімен байланысты. Тасымалы бар барлық зат қымбаттайды. -Мұнайдың қымбаттауы мұнай компанияларына табыс әкеледі. Ал жай елге қиын болады. -Меншікті көліктері барларға, зейнеткерлерге тіпті қиын болады. -Мемлекетке жақсы шығар. Мемлекет өзі қымбат бағамен сатып, бізге ішкі нарыққа, арзан бағамен берсе дұрыс болар енді.

Ал, Қазақстандағы мұнай саудасына жауапты ұлттық компания құрамындағы «Қазмұнайгаз» сауда үйінің мұнай экспорты департаментінің бастығы Бақытжан Өтеғалиев мұнай бағасына қатысты ақпарат беруден бас тартты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG