Accessibility links

Бүгін Ауғанстанға сапармен келген Германияның федералдық канцлері Герхард Шредер ауған президенті Хамид Қарзаймен келіссөз өткізді


Бүгін Ауғанстанға сапармен келген Германияның федералдық канцлері Герхард Шредер ауған президенті Хамид Қарзаймен келіссөз өткізді. Келіссөздің нақты тақырыбы болған жоқ. Неміс канцлері Ауғанстанға сенбі күні болып өткен тұңғыш тікелей президент сайлауының артынша табан тіреген бірінші Батыс жетекшісі болып отыр. Ауғанстанға келген бойыда Герхард Шредер осы елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрған НАТО күштерінің құрамындағы 2 мыңдық неміс әскерінің қызметіне оң баға берді.
XS
SM
MD
LG