Астанада қазақстандық кәсіпкерлердің кезектен тыс форумы өтті. Бұл жолы кәсіпкерлер форумды Президенттің және Үкімет мүшелерінің қатысуынсыз өткізуді жоспарлапты. Олар енді өздерінің қордаланып қалған мәселелерін Үкіметсіз, бірден Президентке Үндеу жолдау арқылы шешуді көздеп отыр. Өйткені кәсіпкерлердің айтуынша, Үкімет отандық кәсіпкерлерге жеңілдік жасауды көздеп отырған жоқ. Сонымен қатар отандық кәсіпкерлер Қазақстандағы құқық қорғау органдарына да наразылық білдіріп отыр. Олардың мәлімдеуінше, орта және шағын бизнестің жолын кесетін ең бірінші құқық қорғау органдары.
Отандық кәсіпкерлер шетелдік кәсіпкерлерге жасаған жеңілдікті өздеріне де жасауды қалайды. Олар Президент жанындағы шетелдік инвесторлардың кеңесі секілді, біздің де Ұлттық кәсіпкерлердің кеңесі болу керек деп есептейді. Сонымен қатар кәсіпкерлер өздерінің форумдарын қайта құрылымдау жөнінде де бастама көтерді.
Осыдан бір жыл бұрын Қазақстан Президентінің қатысуымен өткен кәсіпкерлердің форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін Үкіметке және құқық қорғау саласына он бір тапсырма берген-тін. Оның ең бастысы – құқық қорғау тарапынан отандық кәсіпорындарды тексерудің санын он есеге қысқарту. Сол форумда Қазақстан басшысы «Кәсіпкерлер сендерге сауын сиыр емес»,– деп құқық қорғау саласындағы қызметкерлерді сынға алған болатын. Ал Үкіметке «Кәсіпкерлерді тіркеу үшін талап етілетін құжаттарды азайтыңдар, лицензия беруді жеңілдетіңдер, салықты кемітіңдер» деген бірқатар тапсырмалар берген-тін.
Алайда Астанада атқарушы биліктің қатысуынсыз, өздері бас қосқан форумда кәсіпкерлер Президенттің берген тапсырмасының бірде-біреуі орындалмағанын айтып отыр. Қазақстандық кәсіпкерлер бүгінгі күнге дейін құқық қорғау саласының қызметкерлері тарапынан қысым көріп отырғандарын ашық түрде жариялады. Олар Қазақстанда кәсіпкерлерді соттың шешімімен ғана тексеретін жүйені енгізу керек деген мәселе көтерді. Мысалы Алматыдағы кәсіпкерлер Ассоциациасының президенті Виктор Ямбаевтың айтуынша, кәсіпкерлердің болмашы тірлігіне құқық қорғау органдары араласады. Ал сот жүйесі солардың сөздерін сөйлейді,– дейді.
Қазақстандық кәсіпкерлер өздерінің проблемаларын тікелей Президент арқылы шешіп отыру үшін, Президент жанынан шетелдік инвесторлардың кеңесі секілді Ұлттық инвесторлардың кеңесі құрылу керек деген пікірлерін айтты. Олардың ойларынша, Қазақстанда отандық кәсіпкерлердің жағдайы, шетелдік инвесторлардан кем болмауы керек. Мысалы, ауылшарушылығы саласында кәсіп ететін Сағат Түгелбаевтың айтуынша, Үкімет кәсіпкерлерге қатысты заңдарды қайта қарап, өзгерістер енгізу қажет. Ол сонымен бірге жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың да кәсіпкерлерден пара алу керек деген ұғым қалыптасып қалғанын айтады.
Қазақстандық кәсіпкерлер сонымен қатар Парламентте кәсіпкерлердің мүддесі үшін деп қабылданған заңдардың барлығы шын мәнінде кәсіпкерлерге арналған заң еместігін айтады. Мысалы осыдан бірер жыл бұрын қабылданған көлеңкелі капиталға рақымышылық жасау туралы заң және қазір қаралып жатқан көлеңкелі мүліктерге рақымшылық жасау туралы заң жобасы секілді. Кәсіпкерлер форумының мүшесі Марал Топиевтің айтуынша, отандық кәсіпкерлер олигарх емес. «Бұл заңдар шын мәнінде олигархтарға арналып жасалынған заңдар. Ал олигархтардың арқасында билік тұр. Біздің күшіміз тек, отандық кәсіпкерлер бірігіп, Президентке Үндеу жолдауға ғана жетеді»,– дейді Марал Топиев.
Қазақстандық кәсіпкерлер өздері құрған форумның құрылымдық жүйесін өзгерутді көздейді. Олар енді билікке ықпал ететін қоғамдық ұйым құрып, кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын заң шығарып, ол заң жобаларын Парламентке өздері ұсынуды да ойластырып отыр.