Accessibility links

Ауғанстанның бірлескен сайлау басқармасы дау туғызған тұңғыш президент сайлауының барысында болған заңсыздықтарды тергейтін арнайы тәуелсіз комиссияның үш мүшесінің екеуін атады


Ауғанстанның бірлескен сайлау басқармасы дау туғызған тұңғыш президент сайлауының барысында болған заңсыздықтарды тергейтін арнайы тәуелсіз комиссияның үш мүшесінің екеуін атап, арнайы топқа канадалық дипломат Крэйг Дженесс пен швециялық сайлау маманы Стаффан Дарнлофтің кіретінін хабарлады. ЕуроОдақ үшінші өкілетті мүшесінің есімін атауға тиіс. Ауған президенттігіне үміткерлердің көбі бір қолдың бірнеше қайта дауыс беруіне жол бермеу мақсатында, сайлаушылардың саусақтарына сиямен белгі салуына наразы болып, сайлауға байкот жариялайтындарын мәлімдеді. Әйтсе де, БҰҰ-ы мен Ауғанстанның сайлау басқармасы орны болған заңсыздықтарды тергейтін арнайы топ құрылатынын хабарлаған соң, ол наразылық біршама басылды .
XS
SM
MD
LG