Accessibility links

Энергия ресурстары бойынша Халықаралық агенттік мұнайға деген 2004 жылғы сұраныс туралы өзінің бұрынғы болжамын қайта қарады


Энергия ресурстары бойынша Халықаралық агенттік мұнайға деген 2004 жылғы сұраныс туралы өзінің бұрынғы болжамын қайта қарады. Өзінің ай сайын жариялайтын хабарламасында, Парижде орын тепкен Халықаралық ұйым, биыл мұнай шикізатына деген әлемдік сұраныстың тәулігіне 82.4 млн. баррельге жеткенін атап көрсетеді. Өткен айдағы болжамға сәйкес, биыл әлемдік сұраныс тәулігіне 82.2 млн. баррельге тең болатын. Осы аптада 1 баррель мұнайдың бағасы Нью-Йоркте 53 доллардан асты. Бағаның өсуі – Қытай сынды жедел дамыған елдің көмірсутегі шикізатына деген сұранысының күрт өсуінен шығып отыр.
XS
SM
MD
LG