Ресейлік Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, ЮКОС мұнай компаниясына оның салық қарыздарын өтету үшін елдің Әділет министрлігі аталмыш компанияның ең ірі еншілес ЮганскНефтеГаз компаниясын сатуды жоспарлап отыр. ЮганскНефтеГаз компаниясы - ЮКОС-тің шамамен 60 пайыз мұнайын өндіреді. Оны сатудан қанша табыс түсетіні беймәлім, бірақ Ассошэйтед Пресс агентігі Ресей үкіметінің ЮганскНефтеГаз компаниясын 10.4 млрд. долларға бағалап отырғанын хабарлайды.