Accessibility links

Осы түнде АҚШ авиациясы Әл-Фаллуджа қаласындағы мейманханаға соққы беріп, 2 адам қаза болды


АҚШ жауынгерлерінің қолдауына сүйенген Ирақ күштері көтерілісшілердің ордасы болып отырған Рамади қаласындағы 7 мешітке тінту жүргізіп, діни уағыздаушылар Ассоциациясының әсірешіл жетекшісін қолға түсірді. Абдиль Әлим Ас-Саади мен басқа тағы 6 діни уағдыздаушы мешітте тұтқындалды. Бұл шара қалада қақтығыс туғызып, қаланың 2 тұрғыны оққа ұшты. Осы түнде АҚШ авиациясы Әл-Фаллуджа қаласындағы мейманханаға соққы беріп, 2 адам қаза болды. Әуе соққысының ізінше мейманханада қуатты жарылыс шықты. Соған қарағанда, онда оқ-дәрі мен қопарғыш заттар астыртын сақталған тәрізді.
XS
SM
MD
LG