Ирақтағы АҚШ күштері сүнни мұсылмандарының Бағдадтан солтүстік-батысқа қарай орналасқан ордасы Әл-Фаллуджа қаласына үдете соққы беруде. Бағдадтың өзінде шийт мұсылмандарының әсірешіл көсемі Мұқтада Ас-Садрдың жасақтары жүздеген қаруын тапсырып жатыр. АҚШ армиясының есептеуінше, Әл-Фаллуджада Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидің үзеңгілестері бас сауғалаған мейманхана мен үйге әуеден екі соққы беріліп, кем дегенде 5 адам қаза болып, 2 кісі жараланды. Қайым қаласы маңайына көп әуе соққысы беріліп, 15 Ирақ тұрғыны қаза болды.
Ирақтағы АҚШ күштері сүнни мұсылмандарының Бағдадтан солтүстік-батысқа қарай орналасқан ордасы Әл-Фаллуджа қаласына үдете соққы беруде
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты