Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Григорий Марченко өзінің жеке өтініші бойынша осы қызметтен босатылған. Бұл туралы Г.Марченко қазанның 12 сі күні Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеген. Оның айтуынша президент оның осы жолғы өтінішін қабыл алып өзінің көмекшісі қызметінен босатқан.
Г.Марченко алдағы уақытта Қазақстанның қаржы саласында жұмыс істеп ірі қаржы институтын құруды жоспарлап отыр. Ол өзінің Қазақстаннан ешқайда кетпейтіндігін, елдегі қандай бір саяси партияларға кірмейтіндігін және де саяси іс қызметпен айналыспайтындығын мәлімдеген. Г.Марченко өзі өткізген баспасөз мәслихатында қәзіргі Қазақстан үкіметінің басшысы Даниял Ахметовты қатты сынға алып, оның қәзіргі жұмысын нашар деп бағалаумен бірге, Д.Ахметовтың үкімет басшысы болып тағайындалғанын үлкен қателік болды деп айтқан. Оның айтуынша Д.Ахметов неғұрлым тезрек үкімет басынан кетсе соғұрлым мемелекетке жақсы болмақ.
Г.Марченко өзі өткізген баспасөз мәслихатында жуырда ғана Қазақстанда өткен парламент сайлауына байланысты өз ой пікірін білдіріпті. Оның айтуынша Қазақстанда өткен сайлау түрлі бұрмалаушылықтарға толы, демократиялық нормаларға сай емес жағдайда өткен. Егерде бұл сайлауды 2006 шы жылы Қазақстанда өтетен президент сайлауы алдындағы дайындық ретінде көрер болсақ онда бұл дайындық өзінің сәтсіздігімен есте қалады деген ол.
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсынбаевтың айтуынша Г.Марченко Қазақстандағы ең мықты қаржыгерлердің бірі деп саналады, алайда оның өзі жеке қаржы институтын құрамын деуі ойланатын нәрсе. Оған үкімет қолдау көрсете қояма екен бұл ойланатын сұрақ дейді ол.
Саясаткер Дос Көшім болса Г.Марченконың елді шуылдатып баспасөз мәслихатын өткізіп отырып президентің көмекшісі қызметінен кетуінің артында саяси астар болуы мүмкін деген болжам жасайды. Ол қалайда саясаттан алыстап ешқайда кете алмайды бәрібір соған қайта оралады деген пікір білдіреді. Ал саясаткер Болатхан Тайжан болса Г.Марченконың айтқандарымен өзінің толық келісетіндігін білдіре отырып Г.Марченко секілді адамның кетуі президентке де жақсылық әкелмейді деген пікір айтады.