Бүгін Израиль армиясы Газа аймағындағы Беит-Лахиа қаласын басып алды. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, палестиндіктердің қарсылық көрсетуіне қарамастан, Израиль армиясының көп соғыс техникасы мен шынжыр табанды бульдозерлері қаланы кезіп жүр. Беит Лахиа – Израиль армиясы өз шекарасына жақын аумақта палестиндік партизандардан тазарту мақсатында екі апта соғыс қимылдарын жүргізген Джабалиа босқындар лагерінен солтүстікке қарай орын тепкен. Одан бұрын Израильдің тікұшағы Беит Лахиадағы бір үйге соққы беріп, Хамас тобының бір лидерін өлтіріп, кем дегенде 2 палестиндікті жаралады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?